Депутат Тоқаевтың бұл жолғы сұхбатының басты ерекшелігін атады

3 Қаңтар 2024, 18:11
845
Бөлісу:
Депутат Тоқаевтың бұл жолғы сұхбатының басты ерекшелігін атады
Фото: assembly.kz

Парламент Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сатвалдиев Тоқаевтың бұл жолғы сұхбатының ерекшелігін айтып өтті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатын оқып шықтым. Сұхбат барысында еліміздің сыртқы-ішкі жағдайы мен қоғамымыздың түрлі салаларындағы соңғы жылдарда атқарылған жұмыстар талқыланған. 2019 жылы Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент болып сайланғаннан бері билік құрылымдарын, саяси институттар қызметін реформалаудың нәтижелеріне баға берілген. Бұл жолғы сұхбаттың ерекшелігі көптен бері қоғамды толғандырып жүрген бірқатар сұрақтың жауабы айтылғанында. Әсіресе қасіретті қаңтар оқиғасының алғышарттары мен өрбуі, ҰҚШҰ әскерлерінің елге кіруі және қосарланған билік жөніндегі сұрақтарға бүкпесіз жауап берілген, - деді ол.

Сенатордың сөзінше, соңғы 2-3 жылда елде саяси жүйені реформалау бойынша бірсыпыра шаруа атқарылды. 

Расымен де, соңғы 2-3 жылда елде саяси жүйені реформалау бойынша бірсыпыра шаруа атқарылды. 2019 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан саяси реформалар өзінің жалғасын табуда. Өйткені олар халықтың еркін көрсетеді, сыртқы және ішкі сын-тегеуріндерді ескеріп, мемлекеттің жаңғыруы мен жаңаруына ықпал етеді. Еліміздің азаматтары Парламент пен Үкіметтің өкілеттіктерін кеңейту, оппозиция мен азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сайлау заңнамасын жақсарту, Парламентке сайлану шегін төмендету, ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру секілді жаңа бастамаларға куә болуда. Реформалар халықтың билікке деген сенімі мен қолдау деңгейін арттырып, реформаны жақтаушылардың кең және заңды коалициясын құруға ықпал жасауда. Елімізде барлық азаматқа бірдей мүмкіндік берілгендіктен, саяси бәсеке артып келеді. Қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуын демократияландыру мен қатар азаматтық қоғам институттары көбеюде. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауларында партияның мемлекеттік аппаратқа кірігуіне тыйым салынуы, саясаттағы монополия түрлі әлеуметтік кеселді туындататыны және мемлекетті дағдарысқа ұшырататындықтан саяси үстемдікке барынша шектеу қою қажеттігін мәлімдеген еді. Бұл бастамалар – саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайды. Алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті. Бұл үрдіс Орталық Азия мемлекеттері арасында тұңғыш рет Қазақстанда қолға алынғаны да маңызды. Ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасуда. Былтыр 700-ге жуық ауыл әкімі сайланды, - деді Сатвалдиев.

Сенат депутаты әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіліп жатқанын айтты. Медицина қыз­мет­керлерінің, мектепте, колледж­де және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді. 

Президент өз сөзінде: "Біз әділ және бәсекелі экономика жүйесін құруға кірістік. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстарымен мықтап айналыстық. Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде. Ауылдарда денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр." деп атап өтті. Атқарылған жұмыстар қатарына әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қол­дау көрсету үшін Әлеуметтік кодекс қабылданғанын, зиянды еңбек жағ­дайында жұмыс істейтін азамат­тар үшін арнайы төлемақы енгі­зіл­генін ерекше атап өткім келеді. Сұхбат барысында атап өтілгендей, билік тарапынан табиғатты қорғауға жауапты ме­ке­мелердің қызметкерлеріне олар­дың өмірі мен денсаулығына төне­тін қауіп-қатерге қатысты үстеме­ақы төленетін болды. Медицина қыз­мет­керлерінің, мектепте, колледж­де және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып ең төменгі жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданды, - деп түйіндеді Алишер Сатвалдиев.

Өзгелердің жаңалығы