Депутат сапасыз интернетке салынатын айыппұл мөлшерін ұлғайтуды ұсынды

8 Желтоқсан 2022, 12:51
804
Бөлісу:
Депутат сапасыз интернетке салынатын айыппұл мөлшерін ұлғайтуды ұсынды

Бұл туралы депутат Ғалиасқар Сарыбаев Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Дата орталықтар (деректер өңдеу орталығы) мен серверлер халықаралық стандартқа сәйкес емес немесе мүлде жоқ. Білім және ғылым, денсаулық, әлеуметтік, экономика салаларында кешенді қашықтықтан оқытудың LMS, ERP платформалары толыққанды жұмыс істемейді, - деді депутат Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында.

Сенатор қалалық және ауылдық елді мекендердегі интернетке қол жеткізудегі алшақтық туралы да айтты. Елімізде 100 адамның 15-і тұрақты интернетке тіркелсе, ауылдық жерлерде 100 адамның тек 8-і ғана желімен қамтамасыз етілген.  

Реттеуші тарапынан интернет сапасы бойынша талаптарды қатаңдату және айыппұл мөлшерін ұлғайту жөнінде қолданыстағы заңнамаларға ұсыныстар берулеріңізді сұраймыз. Ірі цифрлық хабтар салу, жоғары дәрежелі IT-кадрларды даярлау бойынша қажетті шаралар атқаруды ұсынамыз, - деді сенатор. 

Өзгелердің жаңалығы