Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Respublica» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Динара Наумова облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен облыстық мектеп-интернатқа барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылдың 1 маусымынан бастап облыстық көпсалалы балалар ауруханасының заманауи жаңа ғимараты бой көтерген болатын. Мекеме жаңа КТ және МРТ аппараттарымен, заманауи рентген және ультрадыбыстық құрылғылармен, сондай-ақ жапондық күйікке қарсы төсектері бар озық медициналық жабдықтармен жабдықталған. Операция жасайтын бөлімдер 4K деңгейіндегі бейне-эндоскопиялық кешендермен, автономды желдеткішпен және ең күрделі операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін НЕРА-фильтрлері бар ламинарлы төбелермен жабдықталған.
«Қамқорлық» оңалту орталығының ашылуы ең кішкентай науқастарды қолдау үшін маңызды қадам деуге болады. Бұл жерде балалар туғаннан үш жасқа дейін оңалту көмегін ала алады. Сондай-ақ 2023 жылдың қазан айында нейрохирургиялық және травматологиялық жаңа бөлімшелердің ашылуы елдің түкпір-түкпірінен келетін түрлі жарақаты бар балаларға қажетті көмекті кедергісіз алуға мүмкіндік береді.
Бүгін әріптестеріммен 18 жастан кейін оңалту мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтарды талқыладық. Өйткені осы жасқа дейінгі жағдай бойынша біз айтарлықтай жетістікке қол жеткіздік. Алайда жүйе 18 жастан кейінгі жағдайды пысықтауды қажет етеді. Біз алдағы жұмысымызда ескеретін көптеген жағымды тұстарды атап өттік. Біздің қарым-қатынасымыз мұнымен аяқталмайды. Біз жастардың тұрмыс жағдайы мен өмір сапасын жақсартуға көмектесетін заңнамалық бастамаларды, басқа да мәселелелерді бірлесіп талқылауды жалғастырамыз, – деді Динара Наумова.
Сонымен қатар, депутат Қарағанды облыстық мектеп-интернатында болып, облыс бойынша 160 баланы қамтитын мектеп кабинеттерінің жұмысымен танысты. Депутат мүгедек балаларға қызмет көрсету бағытында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті реттеу туралы интернат басшылығының ұсыныстарына назар аударды.
Қазіргі уақытта «Respublica» партиясы мектеп-интернат психологы үшін арнайы кабинет дайындауда.