Депутат орман саласы мамандығы бойынша жастарды "Болашақпен" оқытуды ұсынды

12 Ақпан 2024, 11:32
496
Бөлісу:
Депутат орман саласы мамандығы бойынша жастарды "Болашақпен" оқытуды ұсынды
Фото: BAQ.KZ -архив

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин орман шаруашылығы саласында кадр жетіспейтінін айтып, өз ұсынысын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілісте Орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтіп жатыр.

Орман мекемелерінде кадрлардың жетіспеушілігі бар. Мысалы, ШҚО-ның 13 орман шаруашылығында 747 орманшы қызмет атқарады, бұл нормативтің 70%-ы. Бір орманшының қамтитын аумағы 3 мың гектардай. Жүктеме үлкен. Бұдан басқа жалақы мен әлеуметтік қолдау сұрақтары, орман мекемелерінің қызметкерлерін орман өрттерін сөндіру тактикасы мен тәсілдеріне оқыту, сондай-ақ қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша сапалы даярлау жүйесінің болмауы өзекті мәселелердің бірі болып отыр, - деді депутат.

Жаңбыршин ЖОО-ларда «орман ісі» мамандығы бойынша гранттар санын арттыру және Төтенше жағдайлар министрлігі оқу орталықтарының базасында орман өрттерін сөндіру станцияларының қызметкерлерін оқыту мен үйретуді қолға алу қажет екенін айтты.

Орман өрттерін болғызбау және оған қарсы күрестің заманауи әрі тиімді шаралары қолданылатын елдермен ынтымақтастық орната отырып, олардың тәжірибесін зерделеу және қолдану қажет. Бұл – Түркия, Оңтүстік Корея, Канада, Балтық елдері және басқалар. Сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы аясында орман саласы мамандықтары бойынша жоғарыда аталған елдерге жастармызды оқуға жіберу қажет, - деп ұсынды мәжілісмен.

Депутат "Болашақ" бағдарламасы аясында бірде-бір орман шаруашылығы маманы даярланбағанын да жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы