Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Ерік Сұлтанов Үкімет сағатында өңірлерді табиғи газбен газдандырудың нақты жоспары қажет екенін айтты.
«Сарыарқа» магистральдық газ құбыры құрылысының баяу қарқынын ескере отырып, 2025 жылға қарай бұрын жоспарланғандай, солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыруды аяқтау мүмкін болмайтыны анық. Бүгінгі таңда газдың болмауы инвестициялар тарту, жаңа өндірістер құру, халықты жұмыспен қамту және өңірлер мен тұтастай елдің экономикасын дамыту үшін басты тежеуші факторлардың бірі болып отыр, - деп санайды сенатор.
Сұлтановтың айтуынша, жағдайды ескере отырып, ұлттық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өңірлерді газдандырудың қолайлы нұсқасын көздеу ұсынылады.
Сонымен бірге елдің солтүстік және шығыс облыстарын Ресей Федерациясының Ишим және Барнаул қалаларынан газдандыру бойынша бұрын пысықталған жобаларды қайта қарау арқылы. Осы мәселелердің барлығын газ саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі Кешенді жоспарында көрсетуді ұсынамыз, сәйкесінше оны бекітуді жеделдету қажет деп есептейміз. Сондай-ақ әлемнің көптеген елі сияқты жеке нормативтік құжат қабылдау арқылы мұнай мен газдың стратегиялық қорларын қалыптастыру қажет, - деп түсіндірді Ерік Сұлтанов.
Мұндай шара елдің энергетикалық қауіпсіздігінің іргетасы, ықтимал экономикалық қиындықтар жағдайында қорғаныс тетігі болады.