Депутат мектеп инспекторларын қайтаруды талап етті

20 Сәуір 2023, 12:41
7935
Бөлісу:
Депутат мектеп инспекторларын қайтаруды талап етті
Фото: inform.kz

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Нартай Аралбайұлы мектептерде оқу мен тәрбие мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұғалімдердің сабақта және сабақтан тыс уақытта балалардың тәрбиесімен жүйелі айналысуы үшін кейбір мамандандырылған мектептердегідей арнайы куратор штаттық бірлігін барлық мектептерге енгізіп, олардың лайықты айлық жалақысын және статусын айқындауыңызды сұраймыз, - деді ол.

Оның айтуынша, мектептегі буллингтің алдын алу үшін псхиологтардың санын арттырып, тиісті жағдай жасау қажет.

Бұрын мектепте арнайы полиция инспектор болды, қазір оларды мектептен шығарып алыпты. Сол мамандарды қайтару қажет. Балаларды әлімжеттікке төзбеуге, егер қысым жасалса арнайы маманға жүгінуге үйрету керек. «Арыздауға болмайды, таяқ жегеніңді айту ұят» деген сынды қылмыстық өткені бар түсініктерді жою керек, - деп ұсыныс айтты депутат.

Нартай Аралбайұлының ұсынысы бойынша оқушының сабақ үстінде ұялы телефон ұстауын шектеп, олардың театр сияқты мәдени орталықтарға ақысыз бару тетіктерін қарастыру қажет.

Өзгелердің жаңалығы