Депутат «Масс-медиа туралы» заңдағы кейбір нормаларды сынға алды

19 Маусым 2023, 15:50
988
Бөлісу:
Депутат «Масс-медиа туралы» заңдағы кейбір нормаларды сынға алды
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Депутат Елнұр Бейсенбаев Мәжілісте талқыланып жатқан «Масс-медиа туралы» заңдағы кейбір нормаларды сынға алып, өз ұсынысын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл заңнаманың аясында журналистерге арнайы тұрғын үй бағдарламасында кезекке тұру, оларға арнайы категория беріп, тұрғын үй туралы заңнамаға енгізе алмаймыз. Ол шындықтың бетін ашып айту қажет. Парламенттің мінберіне бұл заңнама кіргеннен кейін журналистер депутаттардан осындай әлеуметтік мәселелер бойынша көп нәрсе күтпеуі қажет, - деді депутат.

Елнұр Бейсенбаев министрлікке өз ұсыныстарын айтты.

Қазіргі күннен бастап Отбасы банк, сонымен қатар екінші деңгейлі банктермен тікелей келісіссөздер жүргізу қажет. Қалай енгіземіз, қандай бағытта? Қанша пайызбен үйді алу мүмкіндігіне ие болады? Өйткені журналистерді категория ретінде енгізген тек қана 2019 жылы қабылданған «Алматы жастары» сияқты бағдарламада пысықтаған болатынбыз. Қазір барлық әлеуметтік желіде қатысып отырған журналистер «бір күнде бізді категорияға енгізеді» деп ойламауы қажет. Өйткені әрбір мамандықты категорияға енгізу мүмкін емес, - дейді ол.

Айтуынша, қазірдің өзінде еліміз бойынша 650 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Жыл сайын кезекке тұратын азаматтар саны 40 мың мен 50 мыңнан арасында өсіп отырады. Ал жыл сайын берілетін әлеуметтік пәтерлердің саны 10 мыңға жетер жетпес.

Баспасөз картасы бойынша сұрақ. Менің ойымша, осында журналистерді екіге бөлу қауіпі бар. Баспасөз картасын иемденетін журналистер және оны ала алмайтын журналистер. Баспасөз картасы не үшін қажет? Баспасөз картасы журналистердің құқығын қорғауға бағытталған деп айттыңыз. Менің ойымша, баспасөз картасы олардың құқығын қорғауға арналмаған. Журналистердің құқығын қорғайтін бізде Конституция бар, Масс-медиа туралы заң бар. Оны белгілі бір әлеуметтік қолдаулары бар болса ғана қабылдау керек. Ал егер ондай жоқ болса, онда баспасөз картасының түк те қажеті жоқ деп есептеймін, - деп айтты депутат.

Елнұр Бейсенбаев заңның қазақ тіліндегі нұсқасына қатысты да ұсынысын айтты.

Әріптестеріміздің көтеріп жатқан мәселесі – әлсіз аударма. Заңның қазақша нұсқасын жақсылап аударуымыз керек. Ертең сөз болмасын. Бұл қай жақтан келген аударма? Сіздер Мәжіліс депутаттары ол заңның аудармасымен айналыспайтынын түсініңіздер. Заңның тікелей жұмыс бабымен айналысады, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты дөңгелек үстелде.

Бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов жаңа заң жобасын таныстырған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы