Депутат Курчатовқа ғылым қалашығы мәртебесін беруді ұсынды

7 Қараша 2024, 14:48
635
Бөлісу:
Депутат Курчатовқа ғылым қалашығы мәртебесін беруді ұсынды
Фото: скрин

Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында Ядролық ғылым орталығы болып табылатын Курчатов қаласының проблемалары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тозып біткен инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы жұмыс жүйесінің жоқтығы, денсаулық сақтау мен білім беру деңгейінің төмендігі, мамандар мен жабдықтардың жетіспеушілігі осы қалаға тән болып отыр.

Сапар аясында комитет мүшелері қала әкімімен және мәслихат депутаттарымен кездесті. Олар елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірінің орталықтарынан алыс орналасқан шағын қалаларға тән, қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелері ауқымын белгіледі. Ондағы проблемалар адамдарды осы қаладан кетуге мәжбүр етеді. Соңғы жылдары көші-қон көрсеткішінде теріс сальдо байқалып отыр. Атап айтқанда, Ядролық орталықта кадрлардың тұрақтамауы көбейіп барады. Ол жоғары білікті кадрлардың кетуіне душар етеді. Бұл Курчатовтағы ғылым мен өндірістің дамуын шектейді, - деп атап өтті сенатор Лукин.

Сенатор Курчатов қаласы мен Ядролық орталық нысандарын көріп шығудың нәтижесі бойынша қалаға ғылым қалашығы мәртебесін беруді ұсынды. Бұл бір жағынан, отандық ғылым орталығын қолдауға мүмкіндік береді, екінші жағынан, қаланың инфрақұрылым мәселелерін шешуге жәрдемдеседі.

Курчатов қаласына ғылыми қалашық мәртебесін беру мәселесі көптеген жылдар бойы көтеріліп келеді. 2012 жылы Премьер-Министрдің өкімімен ғылым қалашығы туралы заңнаманы әзірлеу бойынша ұсыныс дайындау мақсатында жұмыс тобы құрылған болатын. Сонымен қатар, «Курчатов ғылыми қалашығы» кластерінің тұжырымдамасы және «Ғылымды қажет ететін аумақтар туралы» заң жобасы да әзірленді. Шын мәнінде, Курчатовтың ғылыми қалаға айналуына барлық негіз бар, бірақ мәселе бүгінгі күнге дейін шешілген жоқ. «Ғылым туралы» арнайы заңның қабылдануы Курчатов қаласының өзін де, онда орналасқан ғылыми орталықтарды да дамытуға қуатты серпін береді деп сенеміз. Осылайша, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «моноқалаларға дем беру» және «өңірлерді белсенді дамыту» туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді, - деді сенатор Лукин.

Өзгелердің жаңалығы