Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Депутат: Конституциялық комиссияның ашық жұмысы – қоғам сенімінің кепілі

Бүгiн, 16:58
126
Бөлісу:
 Мәжілістің баспасөз қызметі
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова елордада өткен «Әділетті Қазақстанның Конституциясы» сарапшылық кездесуінде мәлімдеді.

Маған ең әуелі әңгімені ең негізгі тұстан бастау маңызды: бұл реформа адамға не береді, халқымызға не береді? Менің ойымша, бүкіл реформаның идеялық салмағы да дәл осы өлшемге, осы сұраққа сүйенуі керек. Жеке өзім үшін, социал-демократ ретінде, ең алдымен осы Конституцияда адам құқықтарының толық сақталуы және нақты қорғалуы аса маңызды. Біз жаңа Негізгі заң мәтінінің жобасында мемлекетті орталыққа қойған жүйеден адамды оның мәні ретінде алға шығаруға бағытталған түбегейлі бетбұрыс жасалғанын көріп отырмыз. Бұл жай ғана әдемі сөз емес. Бұл өзгеріс құжаттың өз құрылымына сіңген. Ол преамбуладан бастап, көптеген бөлімнің қайта қаралуынан, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуден анық байқалады, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Айтуынша, бүгінгі жобада дәл осы кепілдіктер күшейтіліп отыр.

Заңның үстемдігін әлсірететін тетіктердің жолын кесу, адамның мемлекетпен алғашқы байланысқа түсуіндегі рәсімдік тәртіпті (процессуалдық қағидаларды) нақтылау, жеке өмірге қол сұқпауды және кәсіби деректерді қорғауды күшейту, оның ішінде цифрлық ортадағы жағдайды да қамту көзделген. Бұл дегеніміз – Конституция біртіндеп жай декларация болудан қалып, қорғаныш құралына айналып келеді. Қағаз жүзіндегі нормадан адамның нақты қорғалуына қарай бет бұруды біздің жалпыұлттық әлеуметтік-экологиялық партиямыз да дәйекті түрде қолдайды, - деді депутат.

Сондай-ақ ол Конституциялық комиссияның құрамына да тоқталды.

Біз үшін маңызды тағы бір жайт – Конституциялық комиссияның құрамы, атап айтқанда, қоғамның шынайы көрінісі болуы. Комиссия құрамына Парламенттегі барлық партиялардың өкілдері, өңірлер, сарапшылар қауымдастығы, қоғамдық бірлестіктер, кәсіби заңгерлер, экономистер, саясаттанушылар кірді, яғни құрамы барынша әртүрлі әрі теңгерімді болды. Бұл – құжаттың тар шеңберде емес, кәсіби және қоғамдық диалог арқылы дайындалғанының кепілі. Сондай-ақ комиссия жұмысының ашық өткенін де ерекше атап өткім келеді. Отырыстардың тікелей трансляциясы, көпшілік талқылаулар, комиссия мүшелерінің медиада белсенді қатысуы – мұның бәрі қоғамға олардың жұмысын көзбен көріп, шынайы бақылауға мүмкіндік берді, - деді Ажар Сағандықова.

Өзгелердің жаңалығы