Депутат Нартай Аралбайұлы жазғы демалысын қалай өткізетініне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Жолдама алып үлгердіңіз бе?» деген тілші сауалына мәжілісмен демалатын уақыт еместігін айтты.
Жоқ. Мен ертең көлікпен Батыс Қазақстан облысына жолға шығамын. Елмен, халықпен кездесемін. Ең бастысы, өрт сөндірушілермен, орман шаруашылығындағы азаматтармен жүздесемін. Жылу-электр орталығына барамын. Киік мәселесі бар, жол мәселесі бар. Бөкей ордасы ауданында полигон мәселесі бар. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін кемтар балалар туылып жатыр. Солармен жүздесемін, - деді Нартай Аралбайұлы Мәжілістің кулуарында берген сұхбатында.
«Демалысты әлі ойламадыңыз ба?» деген сұраққа былай деп жауап берді.
Жоқ. Неге біз демалысты ойлауымыз керек? Жұмыс істеуіміз қажет, - деді депутат.
Еске сала кетейік, бұған дейін сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жабылып, қос палата парламенттік каникулға шыққаны туралы жазған болатынбыз.