Депутат Азат Перуашевтың орынбасары ұсталды

11 Қыркүйек 2024, 11:07
1565
Бөлісу:
Депутат Азат Перуашевтың орынбасары ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат болған, бірақ ол ресми расталмағандықтан, жұма күні Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сауал жолдадық. Кеше бізге Васильев ұсталды деген ресми жауап келді. Бізге оның адвокаттарының байланыс деректері берілді. Кеше олармен хабарласуға тырыстық, әзірге олармен байланыса алмадық. Бірақ бүгін немесе ертең біз оларды табамыз деп үміттенемін. Ал адвокаттар беретін ақпаратқа сүйене отырып, біз не болып жатқанын білеміз. Әзірше қандай бап екені нақтыланған жоқ, - деді депутат.

Перуашев ресми хат-хабарлардан әлдебір ақпарат тарап кеткен болуы мүмкін екенін айтты.

Оған емес, Ұлттық гвардияның шенеунігіне «пара алды» деген айып тағылып отыр. Мұнда не туралы айтылып жатқанын түсінуіміз керек. Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, пара беруге мәжбүрленген адам қылмыскер болып табылмайды. Пара беруді не алуды кім бастағанын түсіну керек, Васильев пе, әлде ол бопсалаудың құрбаны болды ма, - деп түсіндірді Азат Перуашев.

Өзгелердің жаңалығы