Депутат әрбір балаға 18 жасқа дейін 230 мың теңгеден төлеуді ұсынды

26 Мамыр 2021, 13:15
11343
Бөлісу:
Депутат әрбір балаға 18 жасқа дейін 230 мың теңгеден төлеуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет балаларға арналған барлық жәрдемақыларды біріктіріп, оны Қазақстандағы орташа жалақы деңгейіне көтеруі керек.  Бұл туралы депутат Айжан Сқақова Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

Ол бала күтімі бойынша жәрдемақы мүлдем жеткіліксіз екенін айтты. Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы: бірінші балаға 16 802 теңгені, екінші балаға – 19 865 теңгені, үшінші балаға – 22 898 теңгені, төртінші және одан көп балаға – 25 961 теңгені құрайды. Бұл бір балаға күніне 560 теңгеден 865 теңгеге дейін жұмсалады деген сөз. Ал қамаудағы бір адамның тамағына 1 018 теңге қарастырылған. Баланың анасына жәрдемақыда ақша қарастырылмаған.

Депутат 2021 жылдың І тоқсанында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 230 829 теңгені құрағанын айта кетті.

Егер ерлі-зайыптылардың біреуі ғана жұмыс істесе және үш баласы болса, онда әрқайсысына 46 мың теңгеден беріледі. Бұл өте аз. Осыншама аз мөлшерде есептелген балаларға арналған жәрдемақы бұл жағдайды реттей алмайды.Азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, ойыншықтар, кітаптар қанша тұратынын бәріміз білеміз. Сонымен қатар әр отбасында коммуналдық пәтер немесе несие төлеу сияқты басқа да көптеген шығындар бар,- деді Айжан Сқақова.

Сондай-ақ ол халықтың осал тобы үшін баспана қол жетімді еместігіне назар аударды.  Алматыда 26 мыңнан астам отбасы баспана кезегінде тұр.  Тұрғын үйді күтудің ең аз мерзімі 10 жылдан асады.  Ол қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар жеткіліксіз деп санайды.

Қазақстан Халық партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында әрбір отбасы үшін 20 сотық жер беру керек деп мәлімдеді. Мұны ауылдық жерлерде бірінші кезекте осал санаттар үшін – көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылар үшін жасау керек. Бүгінде олар үшін жер телімін алу мүмкін емес,- деді депутат.

Ол жәрдемақылар мен төлемдердің барлық түрлері жойылып, Қазақстан Республикасының туу және азаматтығы құқығы бойынша барлық балаларға 230 мың теңге мөлшерінде тағайындалатын 18 жасқа дейінгі әрбір балаға бір әмбебап жеткілікті жәрдемақы енгізілсін деп айтты.

Жәрдемақы баланың қажеттіліктерін қамтуы керек, біздің партиямыз ұсынған нәресте тұтыну қоржынына сәйкес бала күтімі кезеңіндегі ананың қажеттіліктерін де қамтуға тиіс,- деді Айжан Сқақова.

Сонымен қатар мынандай ұсыныстар айтылды:

Бала күтімі мерзімін 3 жылға дейін ұзарту;

Азаматтардың осы санаттарына бейімделген талаптармен, нөлдік пайыздық мөлшерлемемен, бастапқы жарнасыз, әлеуетті қатысушылардың үш жыл тұру фактісін, мысалы, уақытша тіркеу және осы кезең ішінде балаларының балабақшаға немесе мектепке баруы туралы анықтама бойынша жеңілдетілген растаумен тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу. Бұған көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қосымша ақша қаражатын қарастыру;

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді беру бағдарламасын қайтару;

Ауылдық жерлерде көлік қолжетімділігін, инженерлік инфрақұрылымның, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің болуын ескере отырып, көп балалы және толық емес отбасыларға, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 сотық мөлшерде жер учаскелері басым тәртіппен бөлінуі керек.

Өзгелердің жаңалығы