Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай азаматтарымызға 2%-бен үй алуға қарыз беру керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат атап өткендей, Отбасы банк арқылы жүзеге асырылатын “9-20-25” бағдарламасына жылына 150 млрд теңге бөлу жоспарланып жатыр.
Бұл бағдарламаның алғашқы жарнасын 20%-дан 10%-ға пайызға азайту керек. Соған байланысты пайыздық мөлшерлемені 8% пайызға төмендетсек, халыққа шынымен тиімдірек болады, - деді Сайлаубай.
Болжамдарға сәйкес 2050 жылға қарай республикамыздағы халық саны 27 млн-нан асады. Депутаттың сөзінше, халықтың үлесі оңтүстік өңірлерде көп болмақ, ал солтүстік және шығыс өңірлерде керісінше халық саны төмендей бермек.
Осы тұста көршілес Ресей еліндегідей 2%-бен беретін "Дальневосточная ипотека" бағдарламасына ұқсас жобаны жүзеге асыру аса маңызды. Мысалы, бізде де елдің ең шалғайдағы нүктесіне барғаны үшін қосымша қолдаулармен бірге төменгі 2% пайыздық мөлшерлемемен үй алуға қарыз беру қажет, - деп ұсыныс атты Наурыз Сайлаубай.