Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы 21 күндік "Денсаулық – зор байлық" отбасылық марафонына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Марафон қорытындысы бойынша ең белсенді және ұйымдасқан отбасылар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Белсенділікті қатысушы отбасының 21 күнде жүріп өткен километрінің жалпы саны бойынша анықтайды.
20 жеңімпаз отбасының әрқайсысы 50 000 теңге сомасына спорттық тауарларды сатып алуға сертификат алады.
Қатысу үшін картада жүгіру бағытын көрсететін Strava жүгіру бағдарламасына тіркеліп, төменде көрсетілген нөмір бойынша марафонға қатысуға өтінім беру қажет.
Отбасылық жүгіру қашықтығы күніне кемінде 1 км болуы керек. Бұл ретте ерлі-зайыптылардың екеуі де 21 күн ішінде жүгіруге қатысады, тек олардың жалпы нәтижесі ескеріледі.
Күн сайын сіз қашықтық пен бағытты көрсететін қосымшадан сілтеме жасай отырып, фоторепортаж жіберіп, @elorda.otbasy және @ns_jastary (15 секунд - 1 минут) аккаунттарын белгілеп, Instagram-да видеолар жариялауыңыз керек.
Марафонға қатысуға өтінімдер 2022 жылғы 31 мамыр күні сағат 13-тен 23:59-ға дейін қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:
* ерлі-зайыптылардың екеуінің де жеке куәлігінің көшірмесі;
* некені тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
* Байланыс ақпараты (телефон нөмірлері, тұратын мекенжайы, әлеуметтік желілердегі аккаунттары).
Барлық қажетті деректерді +7 777 691 27 52 нөміріне WhatsApp мессенджері арқылы жіберіңіз.