Денсаулық сақтау министрлігі медицинада жасанды интеллект қолдануды талқылады

21 Қаңтар 2024, 01:24
764
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрлігі медицинада жасанды интеллект қолдануды талқылады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаевтың, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қанат Төлеушиннің, «QAZINNOVATIONS» «НАРИ» АҚ өкілдерінің, министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, сондай-ақ бизнес өкілдерінің қатысуымен жасанды интеллектіні қолдана отырып, Medtech инновациялық жобаларын енгізу мәселесімен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы бағыттарды зерделеу шеңберінде әлемде және Қазақстан Республикасында MedTech дамуының ағымдағы жағдайына талдау жүргізді, медициналық қоғамдастыққа қатысушылар (медициналық мекемелер, бизнес, ғылым өкілдері және т.б.) арасында сұхбаттар мен сауалнамалар жүргізді.

ДСМ баспасөз қызметінің мәліметінше, форсайттық зерттеу нәтижелері бойынша MedTech бағытының перспективалы саласының тізбесі қалыптастырылды.

ЦДИАӨМ ұсынған MedTech нарығының басымдықтарына медицинада жасанды интеллектті қолдана отырып, енгізуге дайын технологиялар көрсетілген.

Бизнес өкілдері MedTech инновациялық жобаларын енгізу кезінде кездесетін кедергілермен бөлісті.

Медицина саласындағы бірқатар инновациялық әзірлемелер басты назарда болды: жасанды интеллектіні пайдалана отырып, онкологиялық ауруларды, атап айтқанда сүт безі обыры мен өкпе обырын диагностикалауда клиникалық шешімдерді қолдау жүйесі.

жасанды интеллекті мен машиналық оқытуға негізделген инсульттің ерте белгілерін анықтауға арналған «Cerebra» бағдарламалық жасақтамасы.

енсаулық сақтау министрі А.Ғиният жүргізілген жұмыстар мен іріктелген жобаларды жоғары бағалады, ол әрбір жоба бойынша кедергілерді жоюға және практикалық денсаулық сақтауда жедел толық көлемде пайдалануға жәрдемдесу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы