Денсаулық сақтау министрлігі 15 млн теңге сыйақыға қатысты жауап берді

6 Мамыр 2021, 11:42
2223
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрлігі 15 млн теңге сыйақыға қатысты жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Азат Перушевтың министрлік қызметкерлері 15 миллион сыйақы алып жатыр деген сауалына жауап берді.

Сыйлықақы төлемдері қатаң түрде қолданыстағы заңнаманың, атап айтқанда «Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы»  Үкіметтің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысының талаптарына сәйкес жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Министрліктің  мәліметінше, 15 млн теңге мөлшерінде төленген сыйлықақыларға қатысты ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев айтқан фактінің Денсаулық сақтау министрлігіне ешқандай қатысы жоқ, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігінің вакцинация бойынша жұмысын сынға алып, шенеуніктер «сәтсіздіктері үшін» өздеріне 15 миллион теңге үстемеақы алғандарын мәлімдеген еді.
Өзгелердің жаңалығы