Денсаулығына байланысты көлік айдай алмайтындар автоматты түрде анықталады

ІІМ енді көлік жүргізуге болмайтын азаматтар туралы медициналық деректерді алмақ.

Бүгiн 2026, 10:51
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Жалғасбек Тоқтамысов Бүгiн 2026, 10:51
Бүгiн 2026, 10:51
94
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Жалғасбек Тоқтамысов

Жаңа түзетулер аясында денсаулығына байланысты көлік жүргізуге болмайтын азаматтардың жүргізуші құқығы уақытша тоқтатылуы мүмкін. Мәжіліс жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша депутаттық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжат жол қозғалысы саласында мемлекет пен бизнес және азаматтар арасында ашық ережелер, цифрлық сервистер мен мәліметтер негізінде орнықты цифрлық экожүйе қалыптастыруға бағытталған.

Заң жобасында заң бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуді қолдану аясын кеңейту көзделген. Бұл ретте жолдарда, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жедел жәрдем қызметтерінің және тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың көлік құралдарында орнатылатын, заң бұзушылықтарды анықтайтын және тіркейтін техникалық құралдарды пайдалана отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне бақылауды күшейту сөз болып отыр.

Сонымен қатар көлік жүргізуге медициналық теріс көрсетілімдері бар адамдарды басқаруға жібермеу мақсатында медициналық мәліметтерді ІІМ-нің автоматтандырылған жүйесіне интеграциялау ұсынылады. Мұндай жағдайларда тиісті диагноз қойылған сәттен бастап басқару құқығы тоқтатыла тұрады.

Сонымен бірге жол қауіпсіздігі саласында төленбеген айыппұлдар немесе оларды төлеу туралы ұйғарымдар болған жағдайда бірқатар мемлекеттік қызметтерді алуға шектеу енгізіледі.

Наверх