Денсаулық вице-министрі іссапармен Шымкентке барды

14 Тамыз 2020, 16:30
1662
Бөлісу:
Денсаулық вице-министрі іссапармен Шымкентке барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Шымкент қаласында іс сапармен келді. Вице министр "Асар" шағын ауданындағы жұқпалы аурулар орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.  

Ақжан Ғинаят орталықтың бас дәрігерімен бірге ауруханада ем алып жатқан науқастардың денсаулық жағдайын сұрап, жансақтау бөлімін аралап шықты.  Сондай-ақ госпитальде жұмыс істейтін медицина мамандарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. 

Жұқпалы аурулар орталығында коронавирус және пневмония дертінің ауыр түріне шалдыққан науқастар ем алады. Бүгінде мұнда барлығы 224 қызметкер жұмыс істейді. Оның 33-і жоғары білікті медицина маманы. Індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген орталық дәрігерлері  күні-түні аянбай еңбек етуде. Орталық 200 орынға лайықталған. Қазір жұқпалы аурулар госпиталінде 70 науқас ем алып жатыр.


Өзгелердің жаңалығы