Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру кеңсесінің қолдауымен технологиялар мен өнімдердің онлайн-хакатонын жариялайды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігі Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігі цифрландыру кеңсесінің қолдауымен Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығымен Касперский зертханасы пандемия кезінде Қазақстан Республикасының алдында тұрған жаңа сын-тегеуріндерді шешу үшін технологиялар мен өнімдердің онлайн-хакатонын жариялайды, - делінген министрлік парақшасында.
Коронавирус дүниежүзі бойынша денсаулық сақтау, білім беру, ақпаратқа қол жеткізу және дербес деректерді қорғау саласындағы проблемаларды ашты. Бүгінде бүкіл әлем технологиялық дамыған елдерден АТ саласында дамушы мемлекеттерге дейін цифрлық құралдарды эпидемияны бақылаудың тиімді әдісі ретінде пайдаланып отыр делінген.
Біз жас инноваторлар мен түрлі салалардың кәсіби сарапшыларын денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске қосу үшін бірігуге шақырамыз. Негізігі ұсынылатын міндеттер қатарына, дербес және медициналық деректерді қорғау; коронавирустық инфекциямен және оның салдарларымен тиімді күресу үшін ақпаратқа ыңғайлы және технологиялық қол жеткізу; Fake-news-тен сақтау; дағдарыс жағдайында да адамның құқықтары мен бостандығын сақтау; денсаулық сақтау саласында жұмыс істеу ыңғайлылығын арттыру; медицина қызметкерлерінің құрал-саймандарының технологиялық дамуы жатады, - дейді министрлік өкілдері.Іс-шараның жалпы жүлде қоры – 6 миллион теңге.