Денсаулық сақтау министрлігі көңіл айтты

5 Сәуір 2020, 19:45
2574
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрлігі көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың 14-ші тіркелген жағдайы және Шымкент қаласының медициналық ұйымында 1 адам қайтыс болғаны туралы хабарлай отырып көз жұмғанның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

2020 жылы 3 сәуірде Шымкент қаласында Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғыны 1964 жылы туылған ер адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Артериялық гипертензия мен туберкулездың арқасында, қант деңгейінің қалпына келмеуіне байланысты науқастың тыныс алу жеткіліксіздігінің және интоксикация синдромының арқасында жалпы жағдайы нашар болды. Бірінші сәттен бастап өкпені жасанды желдету апаратына қосылған болатын. Науқас өткізілген қарқынды терапияға қарамастан 2020 жылдың 05 сәуірінде көз жұмды - делінген хабарламада.

Шымкент қаласында - 14, Түркістан облысында - 28 жағдай тіркелген. Жалпы Қазақстан бойынша - 569 жағдай тіркелген. Олардың 36-сы жазылып шықса, 6 адам көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы