Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінің чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Қазақстандық шорттрекші өзіне қолайлы қашықтық - 500 метрден топ жарды.
Оңтүстіккореялық Яжан Сунву екінші, бельгиялық Стижн Десмет үшінші орынға ие болды. Бұл - Денис Никишаның биылғы әлем кубогі кезеңдеріндегі төртінші медалі.
Осыдан бұрын Солт-Лейк-Сити мен Алматыда 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанған еді.
Сондай-ақ кеше Алматыда тағы да 500 метрліктен мәре сызығын үшінші болып қиды.