Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

29 Қазан 2022, 12:25
1805
Бөлісу:
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы» КММ тапсырысымен «КазТехПродукт» ЖШС бірлесе отырып биыл тұңғыш рет осындай спорттық жобаны қолға алған болатын, деп хабарлайды Қостанайдағы BAQ.KZ  тілшісі.

Жоба аясында Қостанай облысының жастары шағын-футбол, волейбол және баскетболдан жарысқа түсіп, өзара мықтыларды анықтады. Жастардың жеке лигасы атанып кеткен ойынның топтық кезеңінде барлық спорт түрлерінен 32 команда қатысыпты. Ал солардан  плей-офф кезеңіне үздік ойын көрсеткен  24 команда жолдама алыпты.

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

Жобаның алғаш ойыны 25 маусымда басталды, сол күні шағын-футбол, баскетбол, волейболдан алғашқы жарыстар өтті. Сондай-ақ, 25 маусымда Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Аблайхан Какенов пен өңірге танымал саңлақ спортшылардың қатысуымен турнирдің ашылу салтанаты өтті. Жаз бойы облысымызда спортты белсенді түрде насихаттадық. Табысты жұмыстың куәсі болдық. Соның қорытындысын салтанатты түрде марапаттау бүгінгі күнге түсіп отыр, - дейді «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Абай Дүйсеков.

Сонымен Қостанай жастары арасындағы спорт додасының қорытынды бойынша волейбол ойынынан

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

1 орын «Қызбел» командысы 300 000 теңге сыйақы алды.

2 орын  алған «Намыс» командасына 200 000теңге бұйырды.

3 орын алған «Костанайский Локомотив» командасы  100 000теңгені қанағат тұтты.

Баскетбол ойынынан жүлдегерлер келесі командылар арасында бөлісі

1 орын «Шанс» командасы 300 000теңге.

2 орында рудныйлық «Pulse» командасы 200 000теңге иеленді.

3 орын мен 100 000теңге «BRAWL STARS» командасының еншісінде.

Шағын футбол ойынынан

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

1 орын  «САЛАВАТ» 300 000 теңге жүлде қорына ие болды

2 орынға«Астықжан» командасы табан тіреп,  200 000теңге сыйақы алды.

3 орын рудныйлық  «Қасқыр» командасының еншісінде. Оған 100 000 теңге берілді

Номинацияларға келетін болсақ баскетбол ойындары бойынша:

1. Үздік қорғаушы-  Әуезхан Дастан (Brawl Stars командасы)

2. Үздік шабуылшы - Еленич Артем (Pulse командасы)

3. Үздік іріктеуші - Гончаров Александр (Шанс командасы)

4. Үздік көмекші - Бауэр Кирилл (Шанс командасы)

5. MVP - Бердібаев Нұршат (Шанс командасы)

Волейбол ойындары бойынша:

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

1. Үздік қорғаушы- Қасымханова Эльвира (НАМЫС командасы)

2. Ең жақсы қызмет көрсететін- Штайнке Валерия (КПВК командасы)

3. Үздік бұғаттаушы- Бектұрғанов әділ (Костанайский локомотив командасы)

4. Үздік байланыстырушы - Сиверин Артур (ҚЫЗБАЛ командасы)

5. Үздік шабуылшы - Ізбасты Райымбек (НАМЫС командасы)

6. MVP - Ізбасты Аслан (Қызбел командасы) 

Шағын футбол ойындары бойынша:

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

1. Үздік қорғаушы - Дробышев Андрей (Астықжан командасы)

2. Үздік шабуылшы- Жақсыбаев Ұлықбек (Қасқыр командасы)

3. Үздік қақпашы- Нұрпейісов Еран (САЛАВАТ командасы)

4. Үздік бомбардир- Анисов Иван (САЛАВАТ командасы)

5. Үздік ойыншы-Кузьмин Макар (САЛАВАТ командасы)

Өзгелердің жаңалығы