Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы» КММ тапсырысымен «КазТехПродукт» ЖШС бірлесе отырып биыл тұңғыш рет осындай спорттық жобаны қолға алған болатын, деп хабарлайды Қостанайдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жоба аясында Қостанай облысының жастары шағын-футбол, волейбол және баскетболдан жарысқа түсіп, өзара мықтыларды анықтады. Жастардың жеке лигасы атанып кеткен ойынның топтық кезеңінде барлық спорт түрлерінен 32 команда қатысыпты. Ал солардан плей-офф кезеңіне үздік ойын көрсеткен 24 команда жолдама алыпты.
Жобаның алғаш ойыны 25 маусымда басталды, сол күні шағын-футбол, баскетбол, волейболдан алғашқы жарыстар өтті. Сондай-ақ, 25 маусымда Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Аблайхан Какенов пен өңірге танымал саңлақ спортшылардың қатысуымен турнирдің ашылу салтанаты өтті. Жаз бойы облысымызда спортты белсенді түрде насихаттадық. Табысты жұмыстың куәсі болдық. Соның қорытындысын салтанатты түрде марапаттау бүгінгі күнге түсіп отыр, - дейді «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Абай Дүйсеков.
Сонымен Қостанай жастары арасындағы спорт додасының қорытынды бойынша волейбол ойынынан
1 орын «Қызбел» командысы 300 000 теңге сыйақы алды.
2 орын алған «Намыс» командасына 200 000теңге бұйырды.
3 орын алған «Костанайский Локомотив» командасы 100 000теңгені қанағат тұтты.
Баскетбол ойынынан жүлдегерлер келесі командылар арасында бөлісі