Дене шынықтыру пәні мұғалімдері біліктілікті арттыру курсынан өтеді

22 Қазан 2022, 13:20
2038
Бөлісу:
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері біліктілікті арттыру курсынан өтеді

Қазақстандық 1 630 дене шынықтыру пәні мұғалімі тегін біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл курстарды Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы ұйымдастырып отыр.

Курстар 3 қазанда басталып, 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін жалғасады. 370 дене шынықтыру мұғалімі қатысып жатқан сабақтардың бірінші легі Астана, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Солтүстік Қазақстан облыстарында өтіп жатыр.

Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жұмыс сапасы мен кәсіби деңгейін арттыру мақсатында біз екінші жыл қатарынан арнайы әзірленген курстарды өткізіп жатырмыз. Былтыр бұл курсты 950 мұғалім оқыды. Бүгінде еліміздің 5 өңірінде курс өтіп жатыр. Алдағы уақытта курсты өткізу жері бүкіл республиканың ауқымына дейін кеңейеді. Мұғалімдердің сұраныстары негізінде оқыту екі тілде ұйымдастырылады. Ұстаздарымыздың кәсіби деңгейін арттыру – басты міндеттердің бірі, – деп айтты Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Сағдат Садықов.

Курстарды аяқтаған мұғалімдер тест тапсырып, мемлекеттік үлгідегі сертификаттарды алады.

Өзгелердің жаңалығы