Демеу Жадыраевтың анасы қуанышымен бөлісті

Бөлісу:
Демеу Жадыраевтың анасы қуанышымен бөлісті
Фото: скрин

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс медаль иегері Демеу Жадыраевтың анасы бапкерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алтын ала ма деп ойлаған едік. Күміс болса да шүкір. Баламның маңдай тері мен келген медалі. Бапкерлеріне рахмет. Осы уақытқа дейін тәрбиелеп, баулығанына. Балама денсаулық берсін. Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінуді талай армандаған еді. Жақсылық атасы көзі тірісінде бата беріп еді. Сол кісінің батасы қабыл болып, күміс медальді иеленді, - деді Күлипа Бижанова.

Анасы Демеу Жадыраевтың бала кезден спортқа қызғушылық танытқанын атап өтті.

Кішкентай кезінен спортты жақсы көретін. Ең алғаш әкесі жетектеп күреске апарған еді. Ол кезде кішкентай балалар көп болған еді. Одан бері талай жыл өтіп кетті. Әкесінің дүниеден өткеніне 23 жыл болды. Баламыз Демеу Тұрғанбеков Жұмаханның үйіндегі кішкентей бөлмеде дайындалатын еді. Спортқа 3-сыныптан бастап бара бастаған, 5-сыныптарда бапкері Қырғызстанға алып барды. Сол кезде Бішкектегі жарыстан 1-ші орын алып келді. Өте қатты қуанышты болдық. Қазір өте жақсы сезімдемін. Халқым елім деп бар маңдай терін төгіп, еңбектенді. Өзінің таза еңбегі. Алдыңғы жылы олимпиадада жеңілгенде қатты қиналып, күйзеліп кеткен еді балам. Биылғы жыл баламның жылы болып отыр. Дүниеге кішкентай немереміз келді. Финалға дейін қайтадан жеңіліп қала ма деген қорқыныш болды. Дегенмен баламыз финалға дейін жетті. Қатты қуандық. Ағайын-туыс бауырлары болып мәз болдық, - деді анасы Күлипа Бижанова.

Демеу Жадыраевтың анасы қуанышымен бөлісті
Демеу Жадыраевтың анасы қуанышымен бөлісті

Фото: кейіпкердің мұрағатынан

Өзгелердің жаңалығы