Демеу Жадыраевқа «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісі табысталды

Бөлісу:
Демеу Жадыраевқа «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісі табысталды
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың анасына Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілтін табыстады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыс әкімі палуан Демеу Жадыраевты қабылдап, «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты.

Бейбіт Исабаев ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары – спортшының алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков және жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа да ризашылығын білдіріп, қаржылай сыйлықтар тапсырды.

Демеу Жадыраевқа «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісі табысталды

Еске салсақ, грек-рим күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Демеу Жадыраев – Жетісу облысы Панфилов ауданы Үшарал ауылының тумасы. Оның спорттағы алғашқы қадамы Үшарал ауылындағы мектепте күрес секциясына қатысудан басталған. Бұл секцияда оған күрестің бастапқы әліппесін үйреткен жаттықтырушы Жұмахан Тұрғамбеков болды. Кейін 2003-2007 жылдарда Демеу Жадыраев Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған спорт-интернат мектебінде оқыды. Бұл мектептен Мират Сәрсенбаев, Карина Горичева, Игорь Сон, Ильфат Абдуллин сияқты әлем чемпиондары мен Олимпиада жүлдегерлері шыққан.

Демеу Жадыраевқа «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісі табысталды

Жетісу жерінен басталған спорттағы жол үлкен даңғылға ұласып, Демеу Жадыраев биыл Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында күміс медальға ие болды.

Өзгелердің жаңалығы