Алматы, baq.kz. Өткен жылы 340 мыңнан астам отандасымыз өзге елге саяхаттаған. Бұл ресми статистика, деп хабарлады «Хабар 24».
«Туристік Қамқор» қорының мәліметінше, шетелге шығатындар саны жыл санап өсуде.Мәселен, өткен жылы 2017 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 100 мың адамға артқаны байқалады. Көбіне жолаушылар Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия мен Хайнань аралына бағыт алады. Бұл елдерге билет құны 90 мыңнан басталады.
«Құны жоғары бағыттардың бірі Мальдив аралдары. Онда ең қымбат, сәулетті қонақүйлер орналасқан. Осы бағыт бойынша да сұраныс артып келеді. Бұдан бөлек, Әзірбайжан, Грузия, Арменияға саяхаттайтын жолаушылардың саны өскені байқалады. Дегенмен, бірінші орында Біріккен Араб Әмірліктері тұр», -дейді менеджер Ирина Чащина.