Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер алдағы демалыс күндері 14-16 қыркүйекке арналған болжамын жария етті. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Демалыс күндері ауа райы жылы болады, бірақ кей өңірлерде жаңбыр жауады.
«Республиканың оңтүстік жартысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қазақстанның оңтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал. Ал Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймағынан келетін атмосфералық фронттың әсерінен еліміздің батыс және солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап екпінді жел соғады. Климаттық нормаға жақын ауа температурасы болады, ал Қазақстанның шығысында үсік жүруі мүмкін», - делінген хабарламада.