Демалыс күндері күн райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет ел бойынша 12-14 наурызына арналған ауа райы болжамын жариялады.

11 Наурыз 2022 2022, 12:06
АВТОР
 11 Наурыз 2022 2022, 12:06
11 Наурыз 2022 2022, 12:06
1507

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет ел бойынша 12-14 наурызына арналған ауа райы болжамын  жариялады.

Күнтізбе бойынша көктемнің алғашқы айы келгенімен, елдің солтүстік аймақтарында әлі де қыстың ызғары сақталып тұр. 

Бірақ, алдағы 3 күнде Қазақстанның оңтүстік облыстарына нағыз көктемгі ауа райын әкелген оңтүстік циклон, солтүстік бағытқа ауыса бастайды. 

Елдің солтүстік жартысында мұндай жоғары температура болмаса да, ызғардың беті қайтады.

Оңтүстік циклонның әсерінен қарлы боран соғып, жел күшейіп, сондай-ақ түнде  5-15 аяз болады.

Наверх