Демалыс күндері елордада автобустар тоқтамайды

1 Қаңтар 2021, 18:18
1322
Бөлісу:
Демалыс күндері елордада автобустар тоқтамайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күндері қалада қатынайтын қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтамайтынын CTS баспасөз қызметі хабарлады.

1, 2, 3, 4 қаңтарда қалада және қала маңына қатынайтын барлық бағдар (экспресс бағдарлардан басқалары) сағат 23:00-ге дейін жүреді.

Алайда санитарлық нормаларды сақтауыңызды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді, - деп жазды CTS.
Өзгелердің жаңалығы