Алматы, BAQ.KZ. «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-і Алматыдағы Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысында қозғалыс 8 сағатқа шектелетінін хабарлады.
Аталған жерде жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде апаттық жұмыстар жүргізу (жабынның апаттық тақталарын ауыстыру) үшін уақытша шектеулер енгізілетіні айтылған.
2022 жылы 16 сәуірде сағат 22:00-ден 17 сәуір сағат 6.00-ге дейін Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы шектеледі,-делінген хабарламада.
Аталған мекеме қала тұрғындарынан мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.