Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы демалыс күндері, батыстан Атлантикалық циклон ауыса бастайды, соның әсерінен жауын-шашынды болып, елдің батысы мен солтүстігінде жел тұрады.
Ал республиканың қалған бөлігінде, көтеріңкі қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Иранның аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының көтерілуі болжанады: батыста +15+23 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында +8+18 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстігінде +17+25 градусқа дейін жететін болады.