"Демалғым келеді". Зайытов демалысын қайда өткізетінін айтты

14 Маусым 2024, 16:58
749
Бөлісу:
"Демалғым келеді". Зайытов демалысын қайда өткізетінін айтты
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жазғы демалысын қалай өткізетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Ринат Зайытовтың жазғы демалысын қалай, қайда өткізетінін сұрап, сауал қойды.

Журналист: Демалысты қалай өткізесіз?

Отбасымызбен, басқа не болады?, - деді депутат.

Журналист: Шетелге шығу немесе елімізде басқа жерлерге бару ойда бар ма?

Жетеді ғой баратын басқа жерлер де. Оның не қызығы бар?, - деді Ринат Зайытов.

Қалай өткізесіз? Шығармашылықты дамытасыз ба, әлде қандай да заң жобасын ұсынуға дайындық жасайсыз ба? Қандай күш аласыз?

Шығармашылық адамымын... Жыл бойына осында жұмыс істедім. Демалыс тек шығармашылық жағынан. Осында боламын, - деді депутат.

Журналист: Келген соң қандай дайындықпен келесіз?

Мен керісінше демалғым келіп тұр, - деді Ринат Зайытов.

Өзгелердің жаңалығы