Дельтакрон. Ресейде коронавирустың тағы бір штамы анықталды

11 Тамыз 2022, 21:46
1023
Бөлісу:
Дельтакрон. Ресейде коронавирустың тағы бір штамы анықталды

Ресейде коронавирус инфекциясының Дельтакрон штамы таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ТАСС агенттігінің мәліметінше, «дельта» және «омикрон» штамдарының гибридіне жататын Дельтаркронды бірнеше адам жұқтырып үлгерген. 

10 тамыздағы жағдай бойынша VGARus базасына COVID-19-дың аталған нұсқасына жататын алты геном жатқызылған. 

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта гибридті нұсқа аурудың ауыр ағымына аылп келеді немесе трансмиссивтілігі жоғары деген негіз жоқ.

Жалпы гибридтердің пайда болуы бүгінде көптеген вирустарға тән. 

Бұған дейін коронавирустың гибридтік штамдары Еуропа, АҚШ пен Латын Америкасы елдерінде де анықталған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы