ДДҰ Колумбияда анықталған коронавирус штамын мониторингілеу тізіміне енгізді

2 Қыркүйек 2021, 02:26
1347
Бөлісу:
ДДҰ Колумбияда анықталған коронавирус штамын мониторингілеу тізіміне енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжанда мейрамханалар мен сауда орталықтарына барған кезде талап етілетін міндетті ковид-төлқұжаттары енгізілді. Бұл құжат үйлену тойларына барған кезде де қажет болады. Мұндай талап елдегі Министрлер кабинетінің Қаулысымен қабылданды.

Эпидемиологиялық модельдеу әрбір үшінші американдық тұрғынның 2020 жылы коронавируспен ауырған болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Ғалымдардың пікірінше, өткен жылы 110 миллионнан астам америкалық адам SARS-CoV-2 вирусын жұқтырған болуы әбден мүмкін, мұндай зерттеу нәтижелерін Nature ғылыми журналы жариялады.

ДДҰ Колумбияда анықталған коронавирус штаммын мониторингілеу тізіміне енгізді. Ол грек алфавитінің "мю" әрпімен белгіленген. Бұл тізімдегі штамдар аурудың жұқпалылығына, ауыр ағымына әсер ететін генетикалық өзгерістерге, сонымен қатар иммунитет және диагностикалау мен терапиядан алшақтау мүмкіндіктеріне ие


Өзгелердің жаңалығы