ДДҰ Газа секторындағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

10 Желтоқсан 2023, 21:21
521
Бөлісу:
ДДҰ Газа секторындағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Фото: REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Атқарушы кеңесі шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – Газа секторындағы апатты гуманитарлық жағдай.

Сессияның басында сөйлеген сөзінде ДДҰ басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің осы уақытқа дейін Газадағы атысты тоқтатуға шақыратын қарар қабылдай алмауына наразылық білдірді.

Өзара келісімге келу – Газа тұрғындарын қорғаудың жалғыз жолы, - деді ол.

ДДҰ басшысының сөзіне қарағанда, анклавтағы денсаулық сақтау жүйесі төмендеген, ал қалған медициналық қызметкерлер әбден қажыған және қолайсыз жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр.

Өзгелердің жаңалығы