Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ДДҰ басшысы 2025 жылды ұйым тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірі деп атады

Бүгiн, 07:12
157
Бөлісу:
 БҰҰ/Э.Шнейдер
Фото: БҰҰ/Э.Шнейдер

2025 жыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) үшін ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қаржыландырудың едәуір қысқаруы ДДҰ-ны қызметкерлер санын азайтуға мәжбүр еткен. Соған қарамастан, ұйым басшысы қалыптасқан жағдайды дағдарыс қана емес, ДДҰ-ны қайта құрылымдап, негізгі миссиясына шоғырлануға мүмкіндік беретін кезең ретінде бағалады.

«ДДҰ бәрін бірдей атқара алмайды және біз соған ұмтылмауымыз керек. Біздің басты артықшылығымыз – біріктіру қабілетіміз. Яғни, үкіметтерді, сарапшыларды, халықаралық ұйымдарды, серіктестерді, азаматтық қоғам мен жеке секторды бір мақсат жолында топтастыра алуымыз», – деді Гебрейюс.

ДДҰ атқару комитеті ұйымды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының жыл сайынғы сессиялары арасындағы кезеңде басқаруды жүзеге асырады. Комитеттің 158-сессиясы 2–7 ақпан аралығында Женевада өтеді. Кездесу барысында ұйымды реформалау мәселелері мен АҚШ-тың ДДҰ құрамынан шығуына байланысты ахуал талқыланбақ.

Өзгелердің жаңалығы