Жыл соңында әлемге тұмаудың 4 түрлі штамы таралуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары оны коронавирусқа қарағанда әлдеқайда қауіпті, тіпті өлімге әкеп соғуы мүмкін деп санайды.
Оның ішінде шошқа, гонконг тұмауы сияқты түрлері кездеседі. Дерттің бұл түрі пневмонияға ұқсас. Ұзақ әрі ауыр ағымда өтеді. Жыл сайын әлемде маусымдық тұмаудан 650 мың адам ажал құшады.
Коронавирус қайтадан есігімізді қақпаса дейміз. Дегенмен ДДСҰ-ға күн сайын түрлі қатерлі вирус туралы ақпарат түсіп жатады. Бұл қоздырғыштардан төнетін қауіп жоғары. Сол себепті біз адамдарға үнемі тазалық сақтап, қорғанып жүруге кеңес береміз, - деді ДДСҰ өкілі Дэвид Набарро.