Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.
ДДСҰ деректері бойынша Қазақстан Республикасында 15 жастан асқан ересек адамдардың арасында темекі шегу 21,5%-ды құрайды. Бұл ретте ер адамдар арасында – 38%-дан астамы, әйелдер арасында 6,4%-ы темекі шегеді. Темекі шегуді бастаудың орташа жасы – 17-ден 18 жас аралығы. Сонымен, 15 жастағы оқушылардың мінез-құлқын зерттеу нәтижелері бойынша ұлдардың арасында – 10%, қыздардың арасында – 6%-ы темекі шегеді. Жасөспірімдердің арасында электрондық сигареттерге деген әуестік жоғары. Осылайша, ұлдардың арасында 15 жасында қызғыш темекіні тұтынушылар – 14%-ды, қыздардың арасында - 6%-ды құрайды, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сондай-ақ ол елдегі ішімдікке әуестік деңгейіне тоқталды.
Осы зерттеулер бойынша ер адамдар үшін алкогольді тұтыну деңгейі жылына 25 литрді, әйелдер үшін – шамамен 9 литрді құрайды. Өкінішке қарай, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан алкогольдік ішімдіктерді тұтыну деңгейі жоғары елдерге жатады. ДДСҰ деректері бойынша Қазақстан әлемде 10-орын алады. Көп жағдайда халықтың жол-көлік оқиғалары, жарақаттар, зорлық-зомбылықтан болған өлім, улану, суға бату сияқты сыртқы себептерден болатын өлім-жітім көрсеткіштері алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың салдары болып отыр, - деді еліміздің бас дәрігері.