Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ДДСҰ: Газада нөсерден бір тәулікте кемінде 10 адам қаза тапты

Кеше, 21:00
149
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Газада соңғы 24 сағатта нөсер жаңбырдың салдарынан кемінде 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус америкалық X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, мыңдаған отбасы қыстың қатал жағдайында жеткілікті қорғаныс бере алмайтын шатырларда паналауға мәжбүр.

ДДСҰ басшысы таза ауыз судың тапшылығы мен санитарлық жағдайдың нашарлығына байланысты аурулардың көбеюі мүмкін екенін де атап өтті. Атап айтқанда, тұмау секілді жедел респираторлық инфекциялар, сондай-ақ гепатит пен іш өту жағдайларының артуы күтіледі.

Гебрейесустың сөзінше, кейбір жүктің кіргізілуіне рұқсат берілмеуіне байланысты ұйым Газада медициналық материалдарды жеткізуде қиындықтарға тап болып отыр.

Сонымен қатар ол ДДСҰ өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектерді шұғыл жеткізуге, сондай-ақ науқастарды дер кезінде анықтап, оларға қажетті медициналық көмекті көрсетуге бар күшін салып жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы