ДДСҰ: Дельта штамы қысқа уақыт ішінде 111 мемлекетте таралып үлгерді

15 Шілде 2021, 12:28
1896
Бөлісу:
ДДСҰ: Дельта штамы қысқа уақыт ішінде 111 мемлекетте таралып үлгерді

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Короновирустың ең көп таралған «дельта» нұсқасы 6 шілде мен 13 шілде аралығында 111 елде анықталды үлгерді. Бұл туралы ДДСҰ хабарлады.

Ұйымның мәлімдеуінше, SARS-CoV-2 вирусы тез қақын алып келеді. Оның ішінде қауіпті деп танылған «альфа», «бета», «гамма» және «дельта» нұсқаларының жұқтыру көрсеткіштері жоғары.

Дельта нұсқасы соңғы екі айда ДДСҰ-ның барлық алты аймағындағы кем дегенде 111 елде табылды. Ол осы уақытқа дейін алаңдаушылық тудырған басқа нұсқаларға қарағанда жұқпалылығы жоғары. Бұл аталған штамның алдағы айларда әлемде «басты» штамға айналуы мүмкін, - делінген ұйымның эпидемиологиялық бюллетенінде. 

Сонымен қатар штамдардың таралуына байланысты алдағы уақытта денсаулық сақтау мәселесі күрделеніп, вакцинаның жетіспеушілігі сынды шешілмеген проблемалардың ушығатынын ескертті.

ДДСҰ болжауында бір апта бұрын 6 шілдедегі жағдай бойынша дельта штамы 104 мемлекет пен аумаққа таралған. Ал одан бір апта бұрын анықталған елдер саны 96 еді.

ДДҰ коронавирустық штамдардың 196 ел мен аумақта таралуы туралы мәліметтерді эпидемиологиялық бюллетеньде жариялады. Бұл мәліметтерден «дельта» планетаның көп бөлігінде анықталғаны белігілі болды.

Атап айтқанда, ол Үндістаннан басқа Ресей, Ұлыбритания, Германия, Греция, Испания, Түркия, Франция, Индонезия, Таиланд, Жапония, Израиль, Бразилия, АҚШ және Оңтүстік Африкада анықталды. Сондай-ақ оның Қытайда болғаны туралы ақпарат бар, алайда эпидемиологиялық бюллетеньге сәйкес бұл ақпарат «ДДҰ бейресми дерек көздерінен алған және әрі қарай талданатын болады». Сонымен бірге ұйымда Исландияда, Египетте, Черногорияда, Кубада, сондай-ақ бірқатар басқа штаттар мен аумақтарда дельта нұсқасының таралғаны туралы деректер жоқ. Ондай мемлекеттердің саны - 85.

Өзгелердің жаңалығы