ДДСҰ COVID-19-ға қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдырмауға кеңес береді

13 Шілде 2021, 16:53
2859
Бөлісу:
ДДСҰ COVID-19-ға қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдырмауға кеңес береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакцинаның бустер-екпесін, яғни, үшінші дозасын араластырып салудан бас тартуды ұсынды. Бұл туралы forbes.ru хабарлады.

Ұйымның келтірген дәйегі бойынша, толықтай вакцина салдырған адамдар вирустың «дельта-штамын» жұқтырып алған жағдайда жеңіл түрімен ауырады немесе симптомсыз өтуі мүмкін көрінеді. Ал вакцинациялау деңгейі төмен мемлекеттерде ауруханаға жатқызылғандар мен өлім-жітім саны артуда.

Егер азаматтар кім және қашан екінші, үшінші, төртінші дозаларды алу қажеттігін шеше бастаса, әлем мемлекеттерінде бей-берекетсіздік басталады, - дейді ДДСҰ-ның ғылым жөніндегі басшысы Сумья Сваминатан.

Сондай-ақ ол әр түрлі өндірушілер өндірген вакциналарды араластырып салуды да қауіпті деп атады.

Ал қайта вакциналау қажет пе деген сауалға ол үшінші доза қажет деген компаниялардың өтініштері емес, ғылыми деректер негізінде шешілуі тиіс деп жауап берді.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус кей елдердің вакцинаның бустерлік дозаларына тапсырыс беріп жатқандықтарын алға тартты. Оның айтуынша, кейбір мемлекеттерде дәрігерлер мен қауіп тобындағы адамдарға екпе салатын мүмкіндік жоқ. Гебрейесус Pfizer және Moderna компаниялары бірінші кезекте кедей және дамушы мемлекеттерге Covax бағдарламасы арқылы вакцина жеткізулері тиіс деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы