ДДСҰ Ауғанстанда гуманитарлық апат болуы мүмкін екенін ескертеді

23 Қыркүйек 2021, 07:27
1162
Бөлісу:
ДДСҰ Ауғанстанда гуманитарлық апат болуы мүмкін екенін ескертеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ауғанстандағы денсаулық сақтау жүйесінің жағдайына алаңдаулы. ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс Ауғанстанда болуы мүмкін гуманитарлық апатты жоққа шығармады. Бұл туралы ұйымның сайтындағы хабарламада айтылған, деп хабарлайды RT.

Ауғанстанның денсаулық сақтау жүйесі күйреу алдында тұр. Егер шұғыл шаралар қолданылмаса, ел сөзсіз гуманитарлық апатқа ұшырайды , - делінген хабарламада.

Ауғанстанда вакцинациялау науқаны қарқыны төмендеуде. 1,8 миллионнан астам COVID-19 вакцинасы қолданылмаған күйінде қалып отыр.

Біз бұл дозаларды алдағы апталарда қолдану үшін тез әрекет етуіміз керек және осы жылдың соңына дейін халықтың кем дегенде 20% -ын вакцинациямен қамту үшін жұмыс істеуіміз керек, - деді ДДСҰ басшысы.
Өзгелердің жаңалығы