Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн өткен брифингте ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры, ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Каролин Кларинвал мәлімдеді.
Қазақстанда кешендік шаралар коронавирус індетінің тұрақтануына әкеледі. Бұл - азаматтық қоғам мен жұртшылық, денсаулық сақтау қызметкерлері мен Үкіметтің бірлескен жұмысының қорытындысы. Бүгін ДДСҰ Қазақстанның коронавирус науқастарына қатысты жаңа классификацияны қолдану шешімін жоғары бағалайды. Бұл COVID-19 инфекциясымен ауыратын науқастарды анықтау және әлем бойынша мәліметтерді жинауға септігін тигізеді. Реклассификация үрдісі COVID-19 жағдайының өршуіне алып келуі мүмкін. Алайда ол эпидемиологиялық жағдайды дұрыс түсінуге, ресурсты дұрыс қолдануға және ұлттық және жергілікті деңгейде нақты шара қабылдауға мүмкіндік береді, - деді ол.
Маман айтып өткендей, реклассификация науқастарға мамандандырылған ауруханаларда ем алуға мүмкіндік береді.
Реклассификация үрдісі медицина қызметкерлерін COVID-19 бойынша MGB-10 кодын анықтауды үйретумен бірге жүргізіліп жатыр. Қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығымен ашық әрі нақты коммуникация жүргізу және жаңа есептіліктің салдарымен байланысты болады. Біз денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері қанша күш-жігер жұмсап жатқанын көріп отырмыз. Оны жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ, адамдар профилактикалық шаралар туралы жақсы ақпараттанғанын көріп отырмыз. Қазақстандықтардың дәрігерлердің жұмысын жоғары бағалайтынына да куә болдық, - деді ол.
Каролин Кларинвал ДДСҰ пандемия басталғалы Қазақстанның мәліметтерді ашық көрсеткенін жоғары бағалайтынын айтты.
Вирус әлі де бар. Жақын болашақта бізбен бірге болады. Тек бірігіп қана бұл пандемиямен күресіп, адамдардың өмірін аман сақтап қаламыз. ДДСҰ Үкімет және министрлікпен қазақстандықтардың денсаулығын сақтау үшін жұмысты жалғастырады, - деді ол.