Қостанай облысында үш адамнан сібір жарасы анықталды

14 Шілде 2021, 06:27
1853
Бөлісу:
Қостанай облысында үш адамнан сібір жарасы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы Денисов ауданы Приречный ауылындағы шаруа қожалығында жиырма шақты ірі қара қырылды, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандар сараптама жасап, малдың сібір жарасынан өлгенін анықтады. Жекенің малынан басқа елді мекендерде ауру байқалған жоқ.
Бірақ осы ауылдың үш тұрғыны сібір жарасына шалдыққан. Бұл адамдар Приречный ауылындағы ЖШС-да жұмыс істеген. Олар малды баққанда немесе сойғанда ауру жұқтыруы мүмкін, - дейді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Людмила Налобина.
Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Бекет болжам бойынша жыртқыш аң-құс, кеміргіштер сібір жарасын басқа жақтан әкелуі әбден мүмкін деп отыр.
Өзгелердің жаңалығы