Давос форумында Газа мәселесі де талқыланды

17 Қаңтар 2024, 20:12
652
Бөлісу:
Давос форумында Газа мәселесі де талқыланды

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Газа секторындағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Кездесу Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында өткен. Тараптар Газаға гуманитарлық көмек жеткізу жайын ортаға салды. Сонымен қатар, Гутерриш Иордания мен Ливанның премьер-министрлерімен жүздесіп, аймақтағы қақтығысты шешу жолдарын пысықтаған. 

Айта кетейік, Давос экономикалық форумы 15 қаңтарда басталды және 19 қаңтарға дейін жалғасады. Биылғы 54-ші отырыстың тақырыбы "Сенімді қалпына келтіру" деп аталады. Давос форымында сондай-ақ "ХАМАС" ұйымы мен Израиль арасындағы қақтығысты реттеу және тұтқындарды босату мәселесі де талқыланды. 

Осы мақсатта АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан Катар премьер-министрі Мұхаммед бен Әбдел Рахмано әл-Танимен келіссөздер жүргізген. Тараптар Газа секторына гуманитарлық көмекті тұрақты жеткізу жайын да ортаға салды.

Өзгелердің жаңалығы