Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте бүгін, 5 маусымда республикалық референдумда түсірілген деген ролик жарияланды. Кадрларда ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалады.
Автордың пайымдауынша, дауыс беру кабиналарына осындай «өшіп қалатын» сиясы бар қаламдарды әдейі қойған. Бұл – фейк. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.
Шын мәнінде, жазу жоғалып кететін видео ескі. Ол Желіде алғаш рет 2019 жылы жарияланған. Бір кездері Ресейде, Украинада, Қырғызстанда және Қазақстанда тараған.
Роликтің қазір өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ.