Дауыс беру учаскесіне келген отбасыға арнайы сыйлық табысталды

Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, азаматтық белсенділік танытқан бұл отбасыға сыйлық табысталды.

 автордан  Кеше 2026, 10:17
Кеше 2026, 10:17
154

Астанадағы №300 референдум учаскесінде дауыс беруге келген бір отбасы өскелең ұрпаққа үлгі көрсеткені үшін арнайы сыйлықпен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балаларын ертіп келген қала тұрғыны мұндай маңызды күннің мәнін балаларға түсіндіру әр ата-ананың міндеті екенін айтты.

Балаларымызға бүгінгі күннің маңызын осылай түсіндіруіміз керек деп ойлаймын. Бұл – біздің міндетіміз. Сондықтан осындай маңызды күні балаларымызды алып келіп, оларға үлгі болсын деп, өз дауысымызды бердік, - дейді қала тұрғыны.

Ал №300 референдум учаскесінің төрағасы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, азаматтық белсенділік танытқан бұл отбасыға алғыс білдіріп, арнайы сыйлық табыстады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх