Дауылбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

23 Ақпан 2022, 19:20
1652
Бөлісу:
Дауылбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметтің Қаулысымен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің инспекторы лауазымынан бастады.

2010-2011 жылдары — ОҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы, лицензиялау бөлімінің басшысы.

2011-2012 жылдары — ОҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

2012-2014 жылдары — ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының басшысы.

2013-2014 жылдары — ОҚО Құрылыс басқармасының басшысы.

Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары – Nur Otan партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

2017-2018 жылдары —  АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары.

2018 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болды.

2018-2020 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 жылдары — ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары.

2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.

Өзгелердің жаңалығы