Дауыл мен қатты құйыннан 16 адам қаза тауып, ормандар өртеніп жатыр

Кеше, 22:31
866
Бөлісу:
Дауыл мен қатты құйыннан 16 адам қаза тауып, ормандар өртеніп жатыр
Фото: видеодан кадр

АҚШ-тың оңтүстігі мен орталық-батыс аумағында теңіз дауылы мен қатты құйын соғып, қайғылы жағдайға ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

NBC News телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, табиғи апаттан кем дегенде 16 адам қаза тапқан. Сондай-ақ ондаған адам зардап шеккен.

Сарапшылар табиғи апатқа Арканзас, Иллинойс, Индиана, Кентукки, Миссисипи, Миссури және Техас штаттарының аумағындағы 138 млн адамды айналып өтпеуі мүмкіндігін айтты.

Ауа райының қолайсыздығы аумақта орман өртінің таралуына алып келді. Аталған аймақтарда 100-ден астам өрт анықталған.

Сондай-ақ табиғи апаттан тұрғын үйлер мен ғимараттар бұзылып, электр жарығы жүйесі істен шықты. 300 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалды, - делінген хабарламада.

Көптеген штатта ескерту жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы